Өскеменде трамвайларда 80-нен асқан қарттарға жасалған жеңілдік қайтарылды

Таяуда трамвайларда зейнеткерлердің бәрінен 50 теңге көлемінде жолақысы талап етіле бастады. Ал бұған дейін 80-нен асқан қарттар тегін жүре алатын.

Бұның себебін әкімдік «Трамвайлар жұмысына жүргізілген тексерулер барысында кәсіпорынның нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген жол жүру жеңілдіктерін біржақты тәртіпте белгілегені анықталды. Заң бойынша кәсіпорынның мұндай құқығы жоқ» деп түсіндірген болатын.

Десе де көп ұзамай жергілікті билік қарттарға жасалған жеңілдіктің қайтарылғанын мәлім етті.

— Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда тегін жүре береді. Осы жас санатындағы жолаушылар көлік картасын валидаторға тигізбей-ақ жүре алады. Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында, — дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Замира Мурсалимова.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...