Әскерилерге су тасқынының алдын алу іс-шараларына қатысқаны үшін алғыс айтылды

Бүгін ҚР ТЖМ ШҚО бойынша әскери бөлімінің 68303 әскери бөлімінің Қасым Қайсенов атындағы жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген алдын алу шараларына қатысып, Алтай ауданынан Семей қаласындағы тұрақты дислокация орнына оралуда.

Салтанатты жағдайда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Зангар Шаухин ауқымды жұмыстар мен су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыстады.

«Әскерилердің еңбегі ауданымыздағы елді мекендер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Барша әскери қызметкерлерге тұрғындар атынан үлкен алғысымды білдіремін. Орналасу орындарына аман-есен оралуларыңызды тілеймін», – деді Зангар Шаухин.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап жеке құрам су тасқынының алдын алу бойынша Алтай қаласы, Зубовск және Жаңа Бұқтырма кенттері, Тұрғысын, Малеевск, Быково, Богатырёво, Соловьёво, Маяк, Орловка және Снегирёво ауылдарында міндеттерін орындады.

Жалпы ұзындығы 5835 метр арық жүйесі, 50 метр көпір, 39 су өткізу құрылғысы тазартылды, 860-тан астам қап инертті материалмен толтырылып, ықтимал су басу орындарына 150 қап төселді. Сондай-ақ, халықпен үлкен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

 

Новые статьи

В Үлкен Нарыне детям напомнили о безопасности через спорт и рисунки

В районе Үлкен Нарын прошли мероприятия в рамках концепции «Закон и Порядок» и проекта «Безопасное детство». Их организовали по инициативе прокуратуры района Үлкен Нарын...

За мат в соцсетях могут начать штрафовать на 20 МРП

В Казахстане хотят навести порядок с нецензурной бранью в интернете, в том числе в социальных сетях. За крепкое слово онлайн могут наказать финансово: поправки...

Каракабак в Мангистау открывает новые тайны древней торговли

В Мангистауской области археологи продолжают изучать городище Каракабак – древний памятник на побережье Каспийского моря в Тупкараганском районе. По данным министерства науки и высшего...

Пять школьников из Казахстана представляют страну на Европейской физической олимпиаде

С 12 по 16 июня 2026 года в городе Гётеборг, Королевство Швеция, проходит 10-я Европейская физическая олимпиада European Physics Olympiad, EuPhO 2026. В одном из...