Өскеменде трамвайларда 80-нен асқан қарттарға жасалған жеңілдік алынып тасталды

Таяуда трамвайларда зейнеткерлердің бәрінен 50 теңге көлемінде жолақысы талап етіле бастады. Ал бұған дейін 80-нен асқан қарттар тегін жүре алатын. Бұның себебін қала әкімдігінен түсіндіріп берді.

— Трамвайлар жұмысына жүргізілген тексерулер барысында кәсіпорынның нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген жол жүру жеңілдіктерін біржақты тәртіпте белгілегені анықталды. Заң бойынша кәсіпорынның мұндай құқығы жоқ. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу кезінде жеңілдіктер ала алатын азаматтардың барлық санаты қолданыстағы заңнамаға және жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады, — деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қала әкімдігінің 2021 жылға арналған бірлескен қаулысы мен мәслихатының шешіміне сәйкес, 80 жасқа толған азаматтардың жол жүру ақысы 50 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тегін жол жүру құқығы келесі санаттарға ғана беріледі: көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар.

— Десе де қазіргі уақытта жеңілдетілген санаттар тізімін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 80 жастан асқан азаматтарға тегін жүру құқығын беру мәселесі қарастырылуда, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...