в

«Семей-Бородулиха» тасжолында ағашқа соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде «Семей-Бородулиха» тасжолының 16-шақырымында болған.

— Volkswagen Passat маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі Бородулиха ауылына қарай келе жатқан. Кенет ол рульге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

За три месяца в ВКО привлекли к ответственности более 1300 лиц за семейно-бытовые правонарушения

В Казахстане внедряется модель раннего вмешательства для детей с задержками развития