Өскеменде Понтон көпіріндегі жөндеу жұмыстары 10 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланған

Қалада Ертіс өзені арқылы өтетін екі көпірдің бірі — Понтон көпірінің ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары тездетілмек. Бірнеше айдан бері көпірдің жартылай жабық тұруы салдарынан тұрғындар ұзын-сонар кептелісте тұрып келеді. Ал екінші көпір — Ертіс көпірінен қатынайтын көлік саны бірнеше есеге артқан.

Понтон көпіріндегі жұмыстарды желтоқсан айының ортасына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ қаржыландырудың кешеуілдеуіне және инженерлік инфрақұрылымның ерекшеліктеріне байланысты бұл мерзім созылды. Көпірдің астынан екі магистральді жылу құбыры өтеді. Оның біреуіне демонтаж жасалса, екіншісінде апат қаупі туындайды. Тығыздық бұзылса қыстың ортасында қала сусыз, жылусыз қалуы мүмкін еді.

— Сондықтан жұмыс уақытша тоқтатылды. Жылыту маусымында қысымның барлығын бір құбырға ауыстырса, ол құбыр жарылып кету қаупі туады. Енді құбырларды кезең-кезеңімен ауыстырамыз. Бұл бір айға жуық уақыт алады. Мердігерлер барлығын 1-10 мамыр аралығында аяқтауға уәде беріп отыр, — деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...