Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қала, ауданында дауыл соқты

Қатты жел Риддер қаласының тұрғындарына ең көп залал келтірді. Электр желілерін зақымдап, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты.

Барлығы 1 237 үй жарықсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін түнге дейін жарық қайта қосылады деп жоспарланған.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық арасында зардап шеккен ешкім жоқ.

— Жедел әрекет ету штабы құрылды. Барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтардың өтініштері кешіктірілмей қарастырылуда, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Ұлан ауданында дауыл әлеуметтік нысандарға зақым келтірді. Бозанбай ауылындағы «Айгөлек» балабақшасы қосымша ғимаратының 70 шаршы метр сыртқы қаптамасы бүлінді. Қасым Қайсенов кентінде Балалар шығармашылық үйінің футбол алаңының 2 300 шаршы метр жасанды жабындысы зақымданды.

Өскеменде қатты жел «Халифа Алтай» мешітінің күмбезін сындырды. Қалпына келтіру жұмыстарына меценаттар мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Қаладағы басқа жерлерде де желдің зардаптары жойылып жатыр: құлаған ағаштар жиналып, электр желілері мен ақаулар жөнделуде. Есенберлин көшесінде бағдаршам уақытша жұмыс істемей, қозғалысты жол сақшылары реттеп тұрды.

Шемонаиха қаласының 3-ші шағын ауданында бесқабатты тұрғын үйдің шатырының бір бөлігін жел ұшырып әкетті. Зақымданған аумақ 300 шаршы метрді құрады. ТЖД мәліметіне сүйенсек, ғимарат бір жыл бұрын ғана жөнделген. Оқиға орнында құтқарушылар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...