ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 2 адам елден шығарылды

Өңірдің полиция қызметкерлері екі елдің төлқұжатымен жүргендерді жауапқа тартып жатыр. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.

— Мәселен, тұрғындардың бірі 2021 жылы көрші елдің азаматтығын алғанымен, бұл туралы Қазақстанның көші-қон қызметіне белгіленген мерзімде хабарламаған. Оның айтуынша, құжаттарды тапсыру қажеттігін білмеген және отбасылық жағдайлар Қазақстанға уақтылы оралуына мүмкіндік бермеген. Сот оны елден шығару туралы шешім шығарды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда азаматтығынан айырылған тұлғалардың ҚР құжаттарын пайдалануына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіліп, жауапкершілік күшейтілді. Енді аталған құқықбұзушылық үшін айыппұл мөлшері 100 АЕК-тен 200-ге дейін артты.

— Басқа елдің азаматтығын алған адамдар 30 күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті екенін ескертеміз. Бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...