Үндістаннан Ресейге автостоппен шыққан саяхатшы Абай облысы полицейлерінен көмек сұрады

Полиция қызметкерлері «Кордон» бекетінде Ресей Федерациясының азаматына көмек көрсетті. Ол Үндістаннан автостоппен келе жатқан.

— Полиция капитаны Азамат Ахмадиевке және полицияның аға лейтенанты Естай Мусинге 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Игорь Жуков жүгінді. Ол шекараға дейін көлік табуға көмек сұрады. Тәртіп сақшылары саяхатшыға көмек көрсетіп, шекарадан өту тәртібін түсіндіріп, оның әрі қарайғы жолын қауіпсіз түрде ұйымдастыруға көмектесті, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Игорь Жуков тек полицейлерге емес, барша қазақ еліне өз ризашылығын білдірді.

— Автостоппен бірнеше мемлекетті аралап, енді міне Қазақстанға табан тіреп отырмын. Мұндағы халықтың қонақжайлығы керемет. Мейірім төгіп, әркез көмектесуге әзір тұрады. Сол үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!, — деді саяхатшы.

Новые статьи

Казахстан и Германия хотят усилить промышленную кооперацию – в работе 41 инвестпроект

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Парламентским статс-секретарем федерального министерства экономики и энергетики ФРГ Штефаном Рунхоффом. Стороны обсудили перспективы...

В Усть-Каменогорске обновляют пешеходную зону на проспекте Ауэзова

В Усть-Каменогорске продолжаются работы по благоустройству одной из главных магистралей города — проспекта Ауэзова. Модернизация здесь стартовала с началом теплого сезона. На данный момент...

Өскеменде Әуезов даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

Өскемен қаласындағы негізгі көшелердің бірі – Әуезов даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталмыш даңғылдағы жаңғырту жұмыстары жылы маусым басталысымен қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше...

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число лучших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике. Крупный международный турнир проходит в Астане...