Өскеменде көптен бері көтеріліп келе жатқан көлік кептелісі мәселесі шешімін табуға таяу

Сол үшін қаладағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынбақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу жұмыстары жүргiзiліп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы тиіс.

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, жобалауды «Қазақ ПромТрансПроект» ЖШС қолға алған.

— Жаңа көпір Серікбаев көшесі мен Меновное ауылын байланыстырып, қала орталығындағы көлік қозғалысын ыңғайлы етеді. Қала тұрғындары осы көпірдің салынуын талай жылдан бері күтіп жүр. Енді жобалауды аяқтап, құрылысты бастап кету қажет, — дейді ол.

Бүгінде қалада екі ғана көпір бар. Көліктердің көбі негізгі сегіз жолақты Ертіс көпірімен қатынайды. Ал ескі Понтон көпірінің жартысы кәріз коллекторындағы жөндеу жұмыстарына байланысты былтыр күзден бері жабық тұр. Кешкі қарбаласта көлік ағыны негізгі көпірге шоғырланып, ұзын-сонар кептеліс туындайды.

Алдын ала дерек бойынша, көпірдің ұзындығы 420 метрді, эстакаданың ұзындығы 290 метрді, кіреберіс жолдарының ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Жобаның құны — 115 млрд теңге мөлшерінде.

Новые статьи

В Казахстане запустили «е-Ымдау» – жестовый язык теперь можно изучать онлайн

В Казахстане официально начал работу новый цифровой ресурс в сфере инклюзивного образования – видеословарь жестового языка «е-Ымдау». Проект направлен на то, чтобы расширить возможности...

Казахстанский фильм No Good In Sight: A Story покажут на Шанхайском кинофестивале

Фильм No Good In Sight: A Story режиссера Алиби Мукушева вошел в программу 28-го Шанхайского международного кинофестиваля. Мировая премьера картины состоится 16 июня в...

Самый большой национальный парк Казахстана находится в ВКО

Катон-Карагайский государственный национальный природный парк остается одним из главных природных символов Восточного Казахстана. По данным министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, это самый...

На чем держится энергобаланс Казахстана?

Министерство энергетики продолжает работу по развитию и модернизации энергетического сектора Казахстана. В стране делают ставку на разные виды генерации, но главную роль в энергобалансе...