Тарбағатай ауданында әжелер арасында интеллектуалдық ойын өтті

Наурыз мейрамы қарсаңында Тарбағатай ауданында дәстүрлі «Әжелер QUIZI» интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде өтті. ҚР даңқты ұстазы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қанипа Бітібаева атындағы ауыспалы кубогі үшін ұйымдастырылатын бұл сайыс ауданда 7-мәрте қолға алынып отыр.

— «Әжелер QUIZI» алғаш рет Қанипа Бітібаеваның туған жері Жетіарал ауылында бастау алған. Бүгінде бұл ойын аудан әкімі Дархан Шомпайұлының қолдауымен және ауданның өнерге жанашыр азаматтарының демеушілігімен жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл жоба қазіргі таңда республиканың түрлі өңірлерінің қызығушылығын оятып, кең көлемде танымал болуда, — деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Биылғы шара 19 наурыз күні ұйымдастырылып, жарыс барысында ақ кимешек киген әжелеріміз өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. «Әжелер QUIZI»-дің басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғау, ата-баба салт-дәстүрін жаңғырту, сондай-ақ немере тәрбиесімен айналысып отырған әжелерімізге рухани демалыс сыйлау.

Жарыстың қорытындысы бойынша, ауданның әр тарапынан келген 14 команда 150 ге жуық әжелер мен аталарымыз қатысқан тартысты ойында Жетіарал ауылынан келген «Хан Апа» әжелер ансамблі бас жүлдені иеленді. Қатысушылар мен жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Қызов Марат, аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов, облыстық мәслихат депутаты Нұрпейісов Болат арнайы құттықтады.

Новые статьи

В Казахстане открыли Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии

В Астане прошел Форум по торгово-экономическому сотрудничеству «Китай (провинция Цзянсу) – Казахстан». На одной площадке собрались представители государственных органов и деловых кругов двух стран....

Более 113 тонн мяса и кормов из КНР сожгли после нарушений на границе

С начала 2026 года на ветеринарном контрольном посту «Нур Жолы» в Панфиловском районе области Жетісу пресекли семь фактов нарушения ветеринарного законодательства при ввозе и...

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...

В «Қазақконцерте» прошел вечер истории танца

В Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой прошел концерт-лекция ансамбля «GULDER» – «EXPERIENCE №4: Диалог эпох – от паваны до казахского вальса». Проект...