Семейде алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты сот шешім шығарды

Сот барысында белгілі болғандай, кәмелетке толмаған екі бала жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алған. Сол кезде араларында кикілжің шыққан. Кейін сол жерге басқа да жасөспірімдер келіп, жәбірленушіге қысым көрсете бастады.

Л.,Т.,М және В. кәмелетке толмаған Б.-ны жылу қазандығы маңына апарып, ұрып-соққан. Осы уақытта М., В. және Ш. бәрін видеоға түсіріп алған.

— Екі ұл 11 жасқа толмаған, заң бойынша тек осы жастан бастап мамандандырылған мектепке орналастыруға болады. Видеоны түсірген 12 жастағы қыздың арнайы есепте тұрмағаны, бұрын құқық бұзушылық жасамағаны, сабақты жақсы оқитыны анықталды. Үшеуі де ювеналды полицияның арнайы есебіне алынды, — делінген сот үкімінде.

Ал қалған үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді. 13 және 16 жастағы екі қыз сот шешімімен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке төрт ай мерзімге барады. Сот олардың жиі заң бұзып келгенін анықтады. Нақты айтқанда, ішімдік ішкен, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, түнде ересектердің қарауынсыз үйден шығып кетіп отырған. Қажет болған жағдайда мектептің өтініші бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

13 жастағы ұл алты ай мерзімге ерекше режимдегі мектепке жіберілді. Ол екі айда екі рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бала 2025 жылдың қаңтарынан бастап ювеналдық полицияда есепте тұр.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...