ШҚО-ның тағы төрт ауданында жұмыс уақыты өзгерді

Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарының тұрғындары жұмысты таңғы 08:00-де бастап 17:30-да аяқтайды.

Наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстанның төрт ауданында жұмыс кестесі өзгерді. Енді Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарының тұрғындары 08:00-17:30 аралығында жұмыс істейді. Ал түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін.

— Бұл жаңашылдық өңірдің табиғи ерекшеліктерімен — ерте таң атып, күннің ерте батуымен байланысты. Жаңа кесте халыққа күндізгі жарықты тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Өзгерістер мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер етпейді. Себебі олар бұған дейін де осы кесте бойынша жұмыс істеп келген, — деп хабарлады өңір әкімдігінен.

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсəлімқызы бұл шешім жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданғанын атап өтті.

— Бұл шешімді қабылдамас бұрын, біз әр ауылдық округте жиналыс өткіздік. Тұрғындар бұл бастаманы қолдады. Себебі Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс шекарасына ең жақын орналасқан. Сондықтан бізде күн ерте шығады. Жаңа жұмыс кестесі халыққа әлдеқайда қолайлы. Жұмыстан кейін үй шаруасына, балаларға және жақындарына көбірек уақыт қалады, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері облыстың үш ауданында осындай жұмыс режимі енгізілген болатын. Қаңтар айында Катонқарағай ауданы жаңа кестеге көшсе, ақпанда Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында да осындай өзгеріс жасалды.

Новые статьи

00:00:47

Стали известны призёры первого Кубка Азии по құсбегілік

В селе Бозанбай Уланского района определили победителей и призёров трёх дисциплин первого открытого Кубка Азии по охоте с ловчими птицами «Шығыс Салбурыны – 2026»....

В Восточном Казахстане продолжается фестиваль «Шығыс Салбурыны – 2026»

В этнокомплексе «Бүркіттөбе» в селе Бозанбай Уланского района ВКО продолжается первый открытый Кубок Азии по охоте с ловчими птицами. Фестиваль «Шығыс Салбурыны – 2026»,...

В Казахстане изменили правила сдачи экзаменов на водительские права

Кандидаты в водители смогут пересдавать теоретический и практический экзамены уже на следующий рабочий день после предыдущей попытки. Однако после двух отрицательных результатов придется ждать...

Сотрудники МЧС Казахстана проверяют безопасность в домах родителей перед отопительным сезоном

В Алматы специалисты проверили газовое оборудование и вентиляцию в доме матери начальника Центра стратегического планирования и оперативного управления МЧС Азамата Жунусова. Профилактический визит прошел...