ШҚО-ның тағы төрт ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында жұмыс кестесі өзгерді. Енді Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарының тұрғындары жұмысты таңғы 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайды. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген.

Бұл жаңашылдық өңірдің табиғи ерекшеліктерімен – ерте таң атып, күннің ерте батуымен байланысты. Жаңа кесте тұрғындарға күндізгі жарықты тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Өзгерістер мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер етпейді, себебі олар бұған дейін осы кесте бойынша жұмыс істеп келген.

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсəлімқызы бұл шешім жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданғанын атап өтті.

— Бұл шешімді қабылдамас бұрын, біз әр ауылдық округте жиналыстар өткіздік, тұрғындар бұл бастаманы қолдады. Себебі, Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс шекарасына ең жақын орналасқан, сондықтан бізде күн ерте шығады, яғни жарық күн де ерте басталады. Сол себепті, жұмыс күнінің 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталғаны халық үшін әлдеқайда қолайлы – жұмыстан кейін үй шаруасына, балаларға және жақындарына көбірек уақыт қалады, – деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсəлімқызы.

Самар ауданының орталық кітапхана директоры Гульмира Бакиргалова да бұл жаңашылдықты оң бағалады.

— Біз бұған дейін де осындай жұмыс кестесінің қажеттілігі туралы айтып жүрген едік. Енді қыс мезгілінде жұмысты ертерек аяқтауға, ал жазда уақытты тиімдірек бөлуге мүмкіндік болады, — деп бөлісті кітапхана директоры.

Жаңа жұмыс тәртібін енгізбес бұрын жергілікті билік өкілдері тұрғындармен кездесулер өткізіп, олар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Бұған дейін, жыл басынан бері, облыстың тағы үш ауданында осындай жұмыс режимі енгізілген болатын. Қаңтар айында Катонқарағай ауданы жаңа кестеге көшсе, ақпанда Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында да осы тәртіп орнады.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...