в

«Өскемен-Үлкен Нарын» бағытында автобус қатынай бастады

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 21 ақпаннан бастап Өскемен-Үлкен Нарын бағытында автобус жүре бастағанын хабарлады. Ол келесі кесте бойынша қатынайды:

15:00-де Өскеменнен жолға шығады (Абай көшесіндегі автобекет).

7.00-де Үлкен Нарыннан жолға шығады (Огнев көшесі, 54 мекенжайындағы жолаушыларға қызмет көрсету пункті).

Ересектер үшін жол жүру ақысы 3500 теңгені, 15 жасқа дейінгі балалар үшін жүру ақысының жартысын құраса, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналарға, сондай-ақ «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге және 1-ші топтағы мүгедектерге жол жүру тегін.

Более тысячи этнических казахов получили статус кандаса с начала 2025 года

В Риддере решены все проблемные вопросы со школой «Шанырак»