Шығыс Қазақстан эпизоотиялық қауіпсіздік үшін күресін жалғастыруда: 2025 жылдағы ауқымды шаралар

ШҚО-да 2025 жылы ветеринария саласындағы іс-шараларға 1 миллиард 922 миллион теңге бөлінді, бұл қаржы 2024 жылмен салыстырғанда 251 миллион теңгеге артық. Бұл туралы ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлімдеді.

— Бұл қаражат жануарлар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу, диагностика және вакцинация жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Атап айтқанда, аса қауіпті аурулардан, оның ішінде құтырма, бруцеллез, пастереллез және сібір жарасынан қорғау үшін шаралар қабылданады. Жалпы, 4,7 миллион доза вакцинациялау жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аздау, себебі жыл өткен сайын жануарлар арасында аурулар саны азайып келеді, — деді Рамиль Сағандыков.

2025 жылы инфекциялық аурулардың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады. Өңірдің ветеринарлары 1,2 миллионнан астам диагностикалық зерттеу жүргізеді, оның ішінде бруцеллез бен аусылға тексеру болады.

Сонымен қатар, эндемиялық аурулармен күрес аясында 2025 жылы 14 мың бас ірі қара малды гиподерматоздан, 60 мың бас ұсақ малды псороптоздан және 60 мың жылқыны мыттан вакцинациялау жоспарланған.

2024 жылы облыста 10 инфекциялық аурудың ошағы тіркелді, оның ішінде 6 жағдай құтырма, 1 жағдай эмкара және 3 жағдай бруцеллез болды. Қазіргі уақытта Күршім ауданының Теректібулақ ауылында бруцеллезге қарсы сауықтыру шаралары және Тарбағатай ауданында құтырмаға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар ақпан айында аяқталмақ.

 

Новые статьи

Глава государства принял министра обороны Даурена Косанова

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад об итогах деятельности оборонного ведомства за прошедший период 2026 года, мерах по обеспечению социальной защиты военнослужащих и укрепление престижа...

101 год Алие Молдагуловой – как девушка из Казахстана стала символом мужества

15 июня исполняется 101 год со дня рождения Героя Советского Союза Алие Молдагуловой. Ее имя давно стало частью истории Великой Отечественной войны и символом...

Alatau City хотят сделать международным транспортным хабом

Казахстан представил транспортно-логистический потенциал Alatau City на международном форуме в Шэньчжэне. О проекте рассказал вице-министр транспорта Талгат Ластаев, который вошел в состав казахстанской делегации...

Казахстан и Швеция обсудили торговлю, Volvo и возможный приход IKEA

Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Арман Шаккалиев провел встречу с государственным секретарем по торговле министерства иностранных дел Швеции Дианой Янсе. Стороны обсудили торгово-экономическое...