Қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің мамандары мүмкіндігі шектеулі 63 жастағы әжеге жеке куәлік ресімдеуде көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
— Құжаттар қысқа мерзімде дайындалып, жеке куәлік зейнеткердің үйіне жеткізілді. Өз кезегінде ол көрсетілген қамқорлық үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жыл басынан бері осындай көмекке мұқтаж жеті азаматқа қолдау көрсеткен.