2500-ден астам адам, 1 мыңға жуық техника: Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық қызу

Биыл өңір бойынша қар жамылғысы көп жылғы орташа деңгейден жоғары. Қар жамылғысының биіктігі 11 см-ден 136 см-ге дейінгі аралықта. Облыстың таулы аудандарында нормадан асқан ең көп қар қоры Риддер қаласында, Алтай және Катонқарағай аудандарында байқалып отыр. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 12 см-ден 77 см-ге дейін жетеді.

— Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Марқакөл аудандарындағы өзендерде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болатын учаскелер анықталды. Су тасқынының алдын алу үшін жағалауды нығайту, каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар су басу қаупі төнуі мүмкін үйлерді аралап, халыққа тиісті нұсқаулық беріп жатыр. Сондай-ақ 64 мың дана ыдыс-қап, 9 мың инертті және 263 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалған, — дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Оның айтуынша, жағдай қиындап кетсе 2511 адам, 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпадан тұратын арнайы топтар құрылды. Аймақ бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын халықты уақытша орналастыратын 182 пункт бар.

Новые статьи

00:00:47

Стали известны призёры первого Кубка Азии по құсбегілік

В селе Бозанбай Уланского района определили победителей и призёров трёх дисциплин первого открытого Кубка Азии по охоте с ловчими птицами «Шығыс Салбурыны – 2026»....

В Восточном Казахстане продолжается фестиваль «Шығыс Салбурыны – 2026»

В этнокомплексе «Бүркіттөбе» в селе Бозанбай Уланского района ВКО продолжается первый открытый Кубок Азии по охоте с ловчими птицами. Фестиваль «Шығыс Салбурыны – 2026»,...

В Казахстане изменили правила сдачи экзаменов на водительские права

Кандидаты в водители смогут пересдавать теоретический и практический экзамены уже на следующий рабочий день после предыдущей попытки. Однако после двух отрицательных результатов придется ждать...

Сотрудники МЧС Казахстана проверяют безопасность в домах родителей перед отопительным сезоном

В Алматы специалисты проверили газовое оборудование и вентиляцию в доме матери начальника Центра стратегического планирования и оперативного управления МЧС Азамата Жунусова. Профилактический визит прошел...