в

Өскеменде итін үйде жалғыз қалдырып кеткен әйелге жауапқа тартылды

Облыс орталығында итін үйде жалғыз қалдырып кеткен әйелге сот шешімімен 39 820 теңге айыппұл салынды.

Осыған байланысты сот ісі қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі сотта қаралған. Белгілі болғандай, әйел итін үйде қамап, жұмысқа кетіп қалған. Иттің үре бергенінен мезі болған көршісі полиция шақырды. Учаскелік полицей үй жануарларын ұстау талаптарын орындамағаны үшін иттің иесіне әкімшілік хаттама толтырған.

— Сот барысында тәртіп сақшысы өзіне арыз түскенін, мекенжайға келгенде пәтерде ешкімнің жоқтығын, іште иттің үріп жатқанын айтты. Үй жануарларын ұстау және серуендету ережелеріне сәйкес оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Сондықтан әйелге 10 АЕК (39 820 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, — делінген сот материалдарында.

Айта кетейік, бұл заңды екінші рет бұзғандар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

В связи с этим судебная власть рассмотрела в суде по делу городского административного преступления. Как вы знаете, женщина ушла дома и ушла на работу. Сосед позвонил полиции, которая родила собаку. Окружная полиция заполнила административный протокол для владельца собаки за несоблюдение требований задержания домашних животных.

В ВКО ликвидировали пожар в бане

Дифференцированную ставку НДС обсудили на встрече с представителями бизнеса в Астане