Осы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдер 8,6 пайызға қымбаттаған.
Өңірлер бойынша айтар болсақ, ең жоғары жылдық баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді — 14%. Бағаның біршама аз өсуі Астана қаласында (10,9%), Абай (10,4%), Шығыс Қазақстан (10,3%) және Батыс Қазақстан (9,7%) облыстарында байқалды. Ал Жетісу (4,9%-ға), Ақмола (5%-ға) және Маңғыстау (6,3%-ға) облыстарында баға ең аз өскен.
Жекелеген өнімдердің ішінде бағаның айтарлықтай өсуі «Корвалол» (30,7%), «Канефрон Н» (27,9%), «Ацикловир» (18%), ацетилсалицил қышқылы (16,8%) және «Мульти-табс Классик» мультивитаминдері (15%).