Өскеменде ауа сапасы тексеріліп жатыр

Өскемен қаласында ауа сапасына қатысты тексеру жүргізіліп, зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды.

Кеше Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің мамандары, «Өскемен тынысы» экологиялық бюросының өкілдері және «Байтақ» партиясының ШҚО филиалының мүшелері Өскеменде ауа сапасын тексерді.

— Қала бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланған. Соған байланысты солтүстік аудандардағы өнеркәсіптік нысандардың санитарлық-қорғау аймақтарында ауа сапасын өлшеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде кейбір зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды. Осыған байланысты экология департаменті ауаны ластаушы кәсіпорындарға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастайды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ауа жағдайына жедел мониторинг жасап отыру үшін осындай тексерулер тұрақты түрде жүргізілмек.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...