Катонқарағай ауданындағы «Рахман қайнарлары» шипажайы толықтай мемлекет меншігіне өтті

Шипажай активтері «Самұрық-Қазына» холдингінің электронды сауда алаңына шығарылған. Мемлекеттік орган балансына алынған мүліктің жалпы құны 3 млрд теңгеден асады.

Екінші кезең аясында шипажайдың 1,5 млрд теңгеге бағаланған жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекетке берілді. Оның ішіне жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер, ангарлар, монша, сорғы станциясы, гараждар, бақылау бекеттері және басқа да нысандар кіреді. Сондай-ақ тұрмыстық және кеңсе техникалары, жиһаздар, қайықтар, теледидарлар мен медициналық жабдықтар бар.

Бұған дейін 2024 жылдың тамыз айында мемлекеттік органдардың балансына жалпы құны 1,6 млрд теңгеден асатын 65 жылжымайтын мүлік берілген болатын. Ол кезде кейбір мүліктер сот шешімі болмағандықтан тізімге енбей қалған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, шипажай уақытша облыстық кәсіпкерлік басқармасына берілді. Алдағы уақытта оны қалпына келтіру үшін инвесторлар ізделмек. Бірақ шипажайды қайтадан жеке меншікке беру жағы қазір қарастырылып жатқан жоқ.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Суының шипалық қасиетi оның құрамындағы көмiр қышқылының, радонның молдығында. Ол түрлі ауру мен жараны емдеуде қолданылады. Шипажайдың бұрынғы иесі Анатолий Балушкин «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» АҚ басшысы болған.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...