«Ертіс» ӘКК» АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы сауда павильондарында картопты келісі 125 теңгеден сатуды жүзеге асыруда

«Ертіс» ӘКК» АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы сауда павильондарында картопты келісі 125 теңгеден сатуды жүзеге асыруда, бұл 130 теңге мөлшеріндегі шекті рұқсат етілген бағадан төмен.

Корпорацияның павильондарындағы картоптың бағасы жеткізушілермен ағымдағы келісімшарттар аясында өзгеріссіз болмақ. Бұл тәсіл компанияның нарықтық баға ауытқуларының әсерін барынша азайтуды және халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді көздейтін кешенді стратегиясының бір бөлігі.

«Ертіс» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Дидар Мажириновтың айтуынша, алдын ала жасалған келісімшарт негізіндегі өнім көлемі бағаны тұрақты ұстауға жеткілікті. Келісімшарт негізінде алдын ала келісіліп, қаражат жұмсалған картоп көлемі 5,5 мың тонна болса, бүгінгі күні қорда қалған өнім көлемі 3 мың тоннадан астам. Бұл жағдай нарық бағасының ауытқуына қарамастан картоптың келісін 125 теңгеден сатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі келісімшарттар аяқталғаннан кейін де, жаңа келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін де көкөніс өнімдерінің бағасы шекті рұқсат етілген бағадан аспайтын тұрақты баға болып қала бермек. Бүгінгі таңда баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызы бар өнімдер 15 сауда павильоны мен 41 серіктес-дүкендер арқылы сатылуда. Ал қалған павильондар бойынша мемлекеттік реестрде ашық аукцион түрінде конкурстық рәсімдер өтуде.

Азық-түлік тауарларының айтарлықтай көлемдерін алдын ала, нарық бағасы өзгергенге дейін келісімшартпен бекіту бағаның өзгермейтініне кепілдік беріп, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мұндай шешімдер өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмауға және нарықтық қымбаттаушылыққа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Компанияның мамандары нарық пен баға үрдістерін үнемі қадағалап отырады. Басқа да әлеуметтік маңызды болып табылатын кез келген өнім бойынша баға шарықтауы байқалған жағдайда, оның құнын тұрақтандыру мәселесі арнайы комиссияның қарауына жедел ұсынылады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...