Шемонаиха ауданында көршісінен өш алмақ болған ер адам шатасып басқа адамның қорасын өртеп жіберген

Ауыл тұрғыны өз үйінің аумағындағы шаруашылық қора-жайының өртенгені туралы полицияға арыз түсірді. Аталған факті бойынша «Өзгенің мүлкін қасақана өртеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

— Тергеу барысында 27 жастағы ер адамның көршісімен араздасып қалып, оның мүлкін әдейі өртемек болғаны анықталды. Өзімен бірге бензин толтырылған пластикалық бөтелкені алып, қораның ағаш қабырғасына от қойған. Алайда кейін ол ренжіскен адамының емес, оның көршісінің қорасын өртеп жібергенін түсінген, — делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт салдарынан жәбірленушіге 7 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жаудан 10-нан астам мал, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылық техника жанып кеткен.
— Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...