Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» ел экономикасы мен өнеркәсібін дамытудағы аса маңызды қадам.
Кадрларды даярлаудың маңызы туралы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры Исатай Исин айтып берді. Оның сөзінше, Қазақстанның еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының 52 пайызы — орта буын мамандары. Жақын арада елімізде 99 ірі жоба жүзеге асырылып, соның ішінде Өскеменде жылу электр орталығы салынса, онда осындай 80 мыңнан астам маман қажет болады.
Исатай Исиннің айтуынша, сондықтан бүгінде кәсіби дайындық пен білімге баса мән берудің маңызы зор.