Өскеменде экология мәселесін шешу үшін қандай шаралар атқарылмақ?

Қалада «Өскемен тынысы» экологиялық бюросын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған орай жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бюроға мүше болатын адамдар мен ұйым құрылымы анықталды. Атқарылған шаралардың нәтижесін нақты көріп отыру үшін жобалық кеңсе форматында жұмыс істеу туралы шешім қабылданды.

— Бюроның негізгі мақсаты – қаланың экология мәселесін шешу үшін қолға алынатын жұмыстарды үйлестіру. Қазірдің өзінде 2025 жылға арналған жоспар дайындалды. Оның ішінде 100-ге жуық шара бар. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кездерінде әрекет ету алгоритмдері әзірленуде. Сондай-ақ тұрғындарды ауаның ластану көрсеткіштері туралы хабардар ету жүйесі іске қосылмақ, — дейді жоба жетекшісі Елена Березинская-Абилова.

Жобалық кеңсе мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесіп, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шараларды ұсынуда. Олардың бірқатар бастамасы келесідей:
— заманауи датчиктерді пайдалана отырып, көліктердің зиянды шығарындыларын бақылау;
— экология департаментіне қажетті жабдықтардың толық тізімін жасайтын компаниямен ынтымақтастық орнату;
— көгалдандыру алаңын ұлғайту;
— Smog Free Tower жабдығын орнату. Бұл 8 метрлік мұнара. Осындай 1 мұнара бір сәтте 30 мың текше метр ауаны сүзе алады. Жүйе өзі өндіретін 1,4 кВт энергияны ғана тұтынады.

Бұдан бөлек, жеке секторды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу басты назарға алынған. Бюроның жоспары Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 10 қаңтарда таныстырылады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...