back to top

Өскемендік 10 жасар бала Анталия әуежайында екі күн жалғыз болған

Белгілі болғандай, 21 желтоқсанда балақай футбол командасының құрамында Air Astana әуе компаниясының ұшағымен Астанадан Анталияға ұшып келген. Әуе кемесінің бортында бала төлқұжатын жоғалтып алып, бұл туралы өзімен бірге жүрген авиакомпания қызметкеріне айтқан. Алайда құжат сол күйі табылмады.

Құжатының жоқтығынан бала төлқұжат пен шекаралық бақылаудан өте алмай, депортация аймағында жалғыз қалып, екі күнін сонда өткізген. «Барс» футбол мектебінің басшысы Эльвира Батырбаеваның айтуынша, әуе компаниясының өкілдері баланы жалғыз қалдырып кеткен. Транзиттік аймаққа бейтаныс адамдардың кіруіне тыйым салынғандықтан, қабылдаушы тарап та оған бара алмады. Оның мүддесін ешкім қорғаған жоқ, тіпті ол анасына да не болып жатқанын түсіндіре алмады.

Тек екі күннен кейін балаға уақытша жол жүру құжаты жасалып, Қазақстанға қайтарылды. Қазір отбасының заңгері әуе компаниясының балаға неліктен көмек көрсетпегенін анықтап жатыр.

Новые статьи

В Казахстане изменили правила проведения ЕНТ

Соответствующий приказ подписал министр науки и высшего образования Саясат Нурбек. Согласно новым правилам, абитуриенты, не пришедшие на экзамен, смогут пройти тестирование в один из последующих...

Кредитная история в 40 трлн тенге

Именно такая сумма по кредитам населения и бизнеса в Казахстане. Только за февраль банки выдали новых займов на сумму 2,6 трлн тенге. Такова статистика...

В Восточном Казахстане на референдуме будут работать 533 избирательных участка

В Восточно-Казахстанской области в период проведения референдума будут работать 533 избирательных участка. Об этом сообщила заместитель председателя областной избирательной комиссии Жанар Алханова. По её словам,...

ШҚО-да референдум кезінде 530-дан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Өңірде референдум өткізуге байланысты барлығы 547 комиссия жұмыс істейді. Оның ішінде 14-і - аумақтық комиссия, 533-і учаскелік комиссия. Бұл туралы ШҚО сайлау комиссиясы төрағасының...