Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШҚО бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірдегі жол жөндеу жұмыстарына 777 тексеру жүргізіліп, 428 ақау анықталған. Оның ішінде жұқа асфальт, ойдым-ойдым әрі шұңқыр жолдар. Қазір 302 ақау жойылды.
— Мамандар республикалық маңызы бар жолдарға 315 рет тексеруге барды. 1027 сынама алынып, оның 15 пайызы стандарттарға сәйкес келмей шықты. Мердігерлер оның 64 пайызын түзетті, — делінген ақпаратта.
Сол үшін мердігер компаниялар 280,4 млн теңге шығындаған. Соның нәтижесінде 405 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны қайта жөнделіп, жергілікті маңызы бар жолдарда 6 мың текше метрден астам инертті материалдар ауыстырылды.