Армиялық қоян-қолтық ұрысынан жарыс өтті

«Шығыс» өңірлік әскерлекері қолбасшысының кубогына арналған армиялық қоян-қолтық ұрысынан жарыс өтті.Өскемен гарнизоны спорт кешенінде  шығыс шебін қорғап тұрған әскери бөлімдер арасында қоян-қолтық ұрысынан кілең мықтылар сайысқа түсті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл додаға офицерлер, сержанттар және мерзімді әскери қызметшілер белсенділікпен қатысты. «Шығыс» өңірлік әскерлекері қолбасшысының кубогу үшін жалпы саны 100 ге жуық әскери қызметшіден тұратын 12 команда  таласты.

— Мұндай жарыстарды ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз жеке құрамның дене дайындығы мен жауынгерлік әзірлігін шыңдау. Әскери қызметшілердің рухын көтеру. Біздің гарнизонда армиялық қоян-қолтық ұрысын кеңінен насихатталып, тұрақты түрде дамып келеді. Жылдан жылға қатысушылар саны артып, қоян-қолтық ұрыстың шеберлері көбеюде, — деді 27943 ә/б дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы аға лейтенант Алмас Айдарханов.

Дүбірлі сайыста сынға түскен жауынгерлер жоғарғы даярлықпен келгенін алғашқы жекпе-жектерінен-ақ көрсете білді. Жарысқа қатысушылардың дене дайындығы мен шеберлігі жоғары дәрежеде атап өту керек.

Сайыстың іріктеу кезеңінен бастап ақтық сынға дейінгі аралықта өткен жекпе-жектердің барлығы тартысқа толы болды. Түрлі салмақта сынға түскен әрбір жауынгер нағыз бабында екендіктерін көрсете білді. Бұл әскери қызметшілердің шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауларына үлкен себеп болды.

Армиялық қоян-қолтық ұрыс әрбір әскери қызметшіні даярлаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жақын шайқаста атыс немесе басқа қару түрлерін қолдану мүмкін болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық әдістерді өткізуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалар арасында бірінші орынга ие болған 27943 әскери бөлімі, екінші орынды 30217 әскери бөлімі қанжығалырына байласа 44736 әскери бөліміне үшінші орын бұйырды.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...