Өскемен көшелері кешелі бері тоқтаусыз қардан тазаланып жатыр

Өскемен қаласында қалың жауған қар көшелерді ақ көрпесіне орап алды. Көлік қозғалысына кедергі болмас үшін арнайы техникалар түні бойы толассыз жұмыс істеп жатыр.

— Тұрғындар мен көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Таза Өскемен» КМК техникалары тартылды. Түнгі уақытта қар тазалау техникалары жұмысқа шығып, негізгі магистральдарды, жол айрықтары мен көшелерді тазалауға жұмылдырылды. Бұл жұмыстар қазір де жалғасып жатыр. Жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар мен аялдамалар да тазартылуда. Жолға көктайғаққа қарсы материалдар төгіліп жатыр, — деп хабарлады әкімдіктен.

Әлбетте, бүкіл қаланы бірден қардан толығымен қардан тазартып шығу мүмкін емес.

— Сондықтан халықтан түсіністік танытуды сұраймыз. Егер қандай да бір ықшамауданда мәселе ушығып жатса диспетчерлік қызметке 8 777 331 85 36 телефоны арқылы қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ тұрғындардан арнайы техниканың қарды тазалауына кедергі келтірмес үшін көлікті тұраққа талапқа сай қою қажеттігін ескертеміз, — делінген мәліметте.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...