ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 қараша күні таңертең үйден шығып кеткен Әнел Ерік сол күйі ешкіммен байланысқа шықпаған. Соңғы рет оны Металлург саябағының аумағында көргендер болды. Қызды іздестіруге туған-туыстары, полицейлер мен еріктілер кіріскен.
— Қыздың денесі Үлбі өзенінен табылды. Көзге көрінетіндей дене жарақаттары жоқ. Тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Өскеменде 25 қарашада жоғалып кеткен тағы бір қыз іздестірілген болатын. Абырой болғанда, 24 жастағы Айпара Тулақбай аман-есен табылды.