в

Өскеменде хайуанаттар бағына тегін баруға болады

Қыс кезінде қала тұрғындары сол жағалау саябағындағы хайуанаттар бағына тегін бара алады. Осындай мүмкіндіктің жасалғанына биыл екінші жыл. Өткен жылы өскемендіктер Наурыз мейрамына дейін хайуанаттар бағына еш ақысыз кірген.

Одан бөлек, жұртшылыққа түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар әзірленіп жатыр. Дәстүр бойынша саябақта мұз айдыны болады. Қазір жаңа жылдық безендіру мен мерекеге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

21 желтоқсанда өскемендіктер Аяз ата резиденциясының ашылуына келе алады. Еліміздің түкпір-түкпірінен 150 ертегі кейіпкері қатысып, мерекені ерекше етпек.

В Усть-Каменогорске водитель, сбивший подростков, скрылся с места ДТП

Шығыс Қазақстанда қайтадан күн жылынады