Өскеменде экология жағдайын жақсарту үшін бақылау күшейтіліп жатыр

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.

— Өзіміз де осы қалада тұрамыз. Сондықтан экология мәселесін көріп-біліп жүрміз. Бірақ бұған тек өндірістік кәсіпорындар емес, көмір жағатын пештер мен көліктер де әсерін тигізуде. Ауадағы зиянды шығарындылар араласып басқа газға айналады. Кәсіпорындары аз Алматы мен Қырғызстанның Бішкек қаласында да жел соқпаса шаһар ішін түтін басады, — дейді Ермек Көшербаев.

Оның айтуынша, зиянды шығарындыларды рұқсат етілген шектен асырып жіберген кәсіпорындарға жылда 3,5 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл сома экологиялық жағдайды жақсарту, мониторингті күшейтуге жұмсалмақ. Сондай-ақ «Халық банкімен» демеушілік бойынша келісім жасалған.

— Бір апта бұрын эколог мамандар және қоғам өкілдерімен бірге Қоғамдық кеңес жанынан тұрақты жұмыс істейтін «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросын» құру туралы ұсынысты талқыладық.

Қоғам, билік пен өнеркәсіп өкілдері диалог арқылы ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін табу керек. Бюро осы бағытта ұсыныстар әзірлеп, тұрғындарға ауа ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіреді. Ең бастысы, қоғамдық бақылау күшейтіледі, — дейді ШҚО әкімі.

Новые статьи

В Казахстане промаркировали почти миллиард упаковок лекарств

В Казахстане с момента запуска системы обязательной маркировки лекарственных средств промаркировано более 960 миллионов упаковок препаратов. Об этом сообщили в Министерстве здравоохранения РК. Система маркировки...

Уровень безработицы в Казахстане составил 4,5%

В первом квартале 2026 года уровень безработицы в Казахстане составил 4,5%. Такие данные приведены по методологии Международной организации труда. По информации выборочного обследования занятости населения,...

Женщин Казахстана хотят все больше продвигать в политической деятельности

Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан провела встречу с представителями политических партий. На ней обсуждали как расширить участие...

В ВКО запретили проводить выпускные в ресторанах и на базах отдыха

Управление образования Восточно-Казахстанской области напомнило о требованиях по проведению мероприятий в связи с завершением учебного года. Как отметили в ведомстве, главная цель ограничений -...