Риддер жылу электр орталығындағы 5 қазандық жөнделді

1956 жылы салынған Риддер жылу электр орталығында осыдан 2 жыл бұрын болған апаттардан кейін халық қайта-қайта жылусыз қалып отырған. 50 мыңға жуық тұрғынды жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО Қазақстан бойынша «қызыл аймақта» қалған 19 жылу көздерінің тізіміне енген болатын.

Осындай жылу орталықтарын шұғыл жаңғыртуды биылғы жылдың ақпан айында өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке міндеттеген еді. Сөйтіп жабдықтары тозып тұрған Риддер ЖЭО-ны жөндеуге республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта 5 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасынан хабарлады.

— 4 қазандық агрегаты іске қосылып тұр. Олар № 1, 2, 3, 6 қазандықтар. № 4 қазандық агрегатында іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. № 5 қазандықтағы жөндеу аяқталу сатысында. Ол содан кейін резервке ауыстырылады. Ал жылу желілері толықтай жөнделді. Биыл Риддерде жылыту маусымы алдын ала басталды. Жылумен жабдықтауда температуралық кестеден ауытқу жоқ, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...