Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді

29 және 30 қараша күндері «Заңғар Зайсан шақырады!» атты Зайсан ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының гала-концерті өтеді.

29 қараша сағат 10:00-11:00-де «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі және «Зайсан» технология колледжі арасында кәсіптік маман даярлау бағытында «Шеберлік сағаттары», сағат 10:00-11:00-де «КСРО-ның Халық ұстазы» Құмаш Нұрғалиевтың 100 жылдығына орай Қ.Нұрғалиев атындағы заң колледжінде зайсандық әуесқой ақын-сазгер Мәрияш Блеушованың арнау өлеңдері мен әндерінен студент жастар арасында мәдени-рухани кеш өтеді.

Сондай-ақ сағат 10:00-11:00-де «Дарабоз» спорт клубында дзюдо спортынан зайсандық спортшылармен «шеберлік сағаттары, сағат 18:00-19:00-де «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК залында зайсандық өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт ұйымдастырылады. Соның аясында ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, тарихи жәдігерлері, қолөнер шеберлері, зергерлері, суретшілерінің көрмесі қойылады.

30 қараша сағат 09:00-16:00-де «Алтай» көтерме тарату орталығында Зайсан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздардың концерті, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

Новые статьи

Казахстан снова примет чемпионат мира по дзюдо

Казахстан официально принял флаг чемпионата мира по дзюдо, который пройдёт в Астане с 7 по 14 июня 2027 года. Турнир станет одним из ключевых...

Казахстан представил опыт работы с Интерполом на международной встрече

В Астане прошла встреча по линии Интерпола с участием делегаций девяти государств. Участники обсудили противодействие транснациональной организованной преступности, международный розыск, борьбу с киберугрозами и...

В Казахстане осудили организаторов «Asar Baspana»

В Алматы вынесли приговор 17 фигурантам дела финансовой пирамиды «Asar Baspana». По данным пресс-службы Агентства по финансовому мониторингу (АФМ), участники схемы во главе с...

В Казахстане стартовал первый этап премии «Волонтёр года»

В Казахстане началось онлайн-голосование за соискателей Международной премии «Волонтёр года». К участию допущены 235 кандидатов, прошедших технический отбор, сообщает пресс-служба Министерства культуры и информации...