25 қараша күні түскі уақытта Алтай ауданы Лесная Пристань ауылында мұз кептелген. Соның салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі 430 см-ге дейін көтеріліп кетті. Судың қатерлі деңгейі – 530 см.
«Таулардағы температура нөлден төмен деңгейде сақталатындықтан қосымша су ағыны күтілмеді. Расыменде сағат 22.00-де су деңгейі төмендей бастады. 26 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 381 см құрады», — деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігінен.