Өскеменде егіздер Отан алдындағы борышын атқарып жүр

Нұрсері мен Жансері Жақсан Түркістан облысының тумалары. Егіздер әскер қатарына шақырту келгенде бірге баруды ұйғарған. Сөйтіп, екеуі 27943 әскери бөліміне қабылданды.

Бастапқыда рота, батальонның офицерлері Нұрсері мен Жансерінің егіз екеніне аса мән бермей, екі бөлімшеге бөліп жіберген. Кейін егіздердің біріне тапсырма берген командир орындалуын екінші сыңарынан сұратқан. Сол кезде ғана офицерлер егіздер туралы біліп, ағайындарды екі жаққа бөлмей, бір бөлімшеге орналастырды.Нұрсері мен Жансері бірге қызмет етіп қана қоймай, әріптестеріне үлгі болып жүрген сарбаздар. Олар оқу полигондарында, күнделікті шаруаларда және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әрқашан бір-біріне арқа сүйеп, демеу болып келеді.

Жеті ай көлемінде әскери борыштарын өтеген қос сарбазды ешкім ажырата алмай жүрген кезде, әскер қатарына тағы да ұқсастығы тайға таңда басқандай екі сарбаз қосылды. Олар өскемендік Мади мен Али Романовтар. Олардың әскерге келу жолдары барлық жеке құрамды шабыттандырды. Себебі Мадидің әскери борышын өтеуге аттанғалы жатқанын естіген Али оқуынан академиялық демалыс алып, сынарының соңынан ерді.

Егіздердің бірін-бірі қолдауы, бір-біріне деген құрметі мен ізеті «Отан алдындағы борыш» сөзіне ерекше мән салғандай болды.

Қазір Мади мен Али әскери өмірге бейімделіп, арнайы дайындықтан өтуде. Әскер қатарында жеті ай қызмет еткен Нұрсері мен Жансері жас сарбаздарды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Білгендерін үйретіп, Мади мен Алиге қамқорлық та танытуда.

Әскери өмір қаталдық пен тәртіпті талап еткенімен, бірлік пен бауырмалдық кез келген қиындықты жеңілдететінінің жарқын мысалы болып отыр.

Новые статьи

В Казахстарне открыли Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии

В Астане прошел Форум по торгово-экономическому сотрудничеству «Китай (провинция Цзянсу) – Казахстан». На одной площадке собрались представители государственных органов и деловых кругов двух стран....

Более 113 тонн мяса и кормов из КНР сожгли после нарушений на границе

С начала 2026 года на ветеринарном контрольном посту «Нур Жолы» в Панфиловском районе области Жетісу пресекли семь фактов нарушения ветеринарного законодательства при ввозе и...

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...

В «Қазақконцерте» прошел вечер истории танца

В Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой прошел концерт-лекция ансамбля «GULDER» – «EXPERIENCE №4: Диалог эпох – от паваны до казахского вальса». Проект...