Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері ауруханаларға қаңғырған иттер тістен алған 448 адам жүгінген. Жалпы 11 айға жуық уақыт көлемінде иесіз жануарлардың шабуылынан мыңға жуық адам зардап шекті. Оның ішіндегі балалар саны – 288.
Көбінесе халықты иесіз иттер қауып алып жатты. Ал 369 адамды үйдегі иттер, 69 адамды қаңғырған мысық, 161 адамды үй мысықтары тістеді. Барлық зардап шеккендер құтыруға қарсы екпе алған.
«Ит, мысық және басқа да жануар тістеп алған адам құтыру және сіреспе ауруларына душар болуы мүмкін. Сондықтан да уақтылы екпе салдыру керек. Биыл Өскеменде осындай аурулар тіркелген жоқ», — делінген ақпаратта.