ШҚО жолдары қысқа толық дайын

Шығыс Қазақстан облысында қысқы мезгіліне автокөлік жолдарын дайындау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров мәлім етті.

— Қыста қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 783 қар тазалау техникасы дайындалды. Оның ішінде автогрейдерлер, әмбебап жол машиналары және қар тазалағыш щеткалы тракторлар бар. Техниканың шамамен 90%-ы жұмысқа жарамды күйде және пайдалануға дайын, — деді Нұрбек Тұраров.

Облыс бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 5262 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1238 км республикалық маңызы бар жолдар, 1583 км облыстық маңызы бар жолдар, 2441 км аудандық деңгейдегі жолдар.

Республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен «ҚАЗСервис» ЖШС айналысса, облыстық жолдарды «ОблШығысЖол» ЖШС қызметкерлері қадағалайды. Аудандық жолдарды күтіп-ұстау жергілікті мекемелердің қолында.

Қыстағы төтенше жағдайларды жою үшін ШҚО ТЖД-ның 1717 адамы және 686 техникасы жұмылдырылмақ. Құтқару және медициналық пункттер де әзір.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...