Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан дәмханада жігіттің мәйіті табылған еді. Оқиға орнына полицейлер жетіп, қылмыстық іс қозғады. Көп ұзамай «Сергек» камералары арқылы күдіктінің кім екені анықталды.
— Камерада көрінгендей, ол марқұмның мойнына бірнеше рет пышақ сұғып жіберген. Содан соң оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің сөздері мен заттай айғақтар айыпталушының кінәсіне дәлел болды, — деп хабарлады ШҚО облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот ер адамның кінәсін мойындауын, алғаш рет қылмыс жасағанын ескерді. Сот шешімімен сотталушы қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.