ШҚО-да «Жайлы мектеп» жобасы аясында 7 мектеп салынып жатыр

Өңір бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында үш мың орындық жеті мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1800 орындық төрт мектепті осы жылдың 25 желтоқсанына дейін, 1200 орындық үш мектепті 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Саят Тойкенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

— Жобаның ерекшелігі – бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек блоктарда оқытуға негізделген. Бұл әдіс қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқушылардың оқу барысын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар әр мектепте психолог және логопед кабинеттері, робототехника, биотехнология, STEM зертханалары, хореография залы және коворкинг орталығы болады. 600 орындық мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке спорт залдары да қарастырылған, — деді Саят Тойкенов.

Бүгінде Шемонаиха қаласындағы мектептің құрылысы аяқталды. Қалған үш мектеп бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл білім ордаларының құрылысы 2025 жылы жалғасатындықтан, ішкі әрлеу жұмыстарын орындау үшін уақытша жылумен қамтамасыз етілген.

Жергілікті атқарушы орган өз кезегінде құрылыс жүргізіліп жатқан мектептерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел масштабный семейный фестиваль OSKEMEN LIFE

В Усть-Каменогорске прошел масштабный семейный фестиваль OSKEMEN LIFE. Для горожан организовали ярмарку ремесленников, игровые и фотозоны, а также другие интерактивные площадки. Особым украшением фестиваля стали детская...

В Усть-Каменогорске стартовал масштабный семейный фестиваль OSKEMEN LIFE

Сегодня в Усть-Каменогорске стартовал масштабный семейный фестиваль OSKEMEN LIFE, объединивший десятки площадок для отдыха, творчества, спорта и развлечений. С самого начала мероприятия горожане активно включились...

В Генеральной прокуратуре РК появится управление кибербезопасности

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев внес изменения в положение о Генеральной прокуратуре, расширив функции надзорного органа и скорректировав его структуру. Согласно указу Главы государства, Генеральная прокуратура...

Представитель ВКТУ выступил с докладом от имени Казахстана на Форуме Университета ШОС

В Минске прошли Конференция Университета Шанхайской организации сотрудничества (ШОС) и Форум ректоров университетов государств – членов ШОС. Мероприятия состоялись в рамках X Совета министров...