Осы жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойынша автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерінің бағасы бір айда 1,1%-ға және жыл ішінде 10,7%-ға қымбаттаған.
Өңірлер бойынша ТҚС қызметтері құнының өсуі 1,7%-дан (Алматы облысында) 33,5%-ға дейін (Батыс Қазақстан облысында) тіркелді. Бағаның айтарлықтай өсуі Ақмола (20,3%-ға), Шығыс Қазақстан (19,4%-ға) облыстарында және Астана қаласында (19,4%-ға) байқалып отыр.
Қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша дөңгелек ауыстыру қызметтері бір жылда 10,2%-ға қымбаттады. Көлік жуу құны 12,1%-ға өсті. Техникалық байқау қызметтерінің бағасы 9,5%-ға қымбаттаған.