Өскеменде жылу ақысының қымбаттауына не әсер етті?

Өскемен қаласында жылу ақысының не себепті қымбаттағанын Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінен түсіндіріп берді.

Қалада осы айдан бастап жылу ақысы 7,8 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ жылудың құны тұрғын үйдің жалпы аумағына, есептегіш құралдардың болуына және үйдің тозу деңгейіне байланысты есептелетін болды.

Бұның себебін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жұмагүл Мүсіпова түсіндіріп берді. Оның айтуынша, өзгерістерге «Шығыс-жылу» мекемесі қызметкерлері еңбекақысының көтерілгендігі әсер еткен. Заң бойынша қызметкерлердің жалақысы өткен жылдағы орташа республикалық деңгейден төмен болмауы керек.

«Осы жылдың маусым айында 2023 жылдың статистикалық мәліметтері жарияланды. Соған сәйкес өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы 306 мың теңгені, ал әкімшілік персоналдың жалақысы 494 мың теңгені құрайды. Ал қаладағы жылу компаниясында өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 26 пайызға, ал әкімшілік персоналдың жалақысы 22 пайызға өсіп отыр. Жылумен қамту мекемесінде жалақыны көтеру қажетті шара. 2024 жылдың қазан айына дейін осындағы өндіріс қызметкерлері 242 мың теңге мөлшерінде ғана еңбекақы алып келген», — дейді Жұмагүл Мүсіпова.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...