Өскеменге басқа қаладан келген есірткі таратушы ұсталды

Тінту кезінде жедел уәкілдер ер адамнан экстази таблеткаларын, 30 грамдай α-PVP және 40 грамға жуық мефедронды тәркілеген. Анықталғандай, ұсталған жігіт қыркүйек айында басқа облыстан Өскеменге келіп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан.

Еш жерде жұмыс істемеген ол танымал мессенджердегі парақша арқылы есірткі таратумен айналысты. Айғақ ретінде күдіктінің смартфонындағы синтетикалық есірткілерді жасыратын орындардың фотосуреттері мен басқа да өндірілетін есірткі туралы мәліметтер алынды.

— Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде беру, өткізу немесе жөнелту мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалд. Ол 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Новые статьи

ШҚО командасы Қостанайдағы ТЖМ кубогында екі күміс жүлде жеңіп алды

Қостанайда өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы ТЖМ кубогы үшін өтіп жатқан IX турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Ерлер мен әйелдер «Кедергілері бар 100 метрлік...

Команда ВКО завоевала два серебра на Кубке МЧС в Костанае

В Костанае завершился второй соревновательный день IX турнира на Кубок МЧС Республики Казахстан по пожарно-спасательному спорту. Участники определили сильнейших в дисциплине «Преодоление 100-метровой полосы...

114 мың қазақстандықтың жүрек аурулары ерте сатысында анықталды

2025 жылы Қазақстанда артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға арналған скрининг аясында 1,7 миллион адам тексерілді. Нәтижесінде дәрігерлер 114 мыңнан астам пациенттен қан...

Инвестициядан нақты жобаларға: ШҚО әкімдігі мен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды. Құжатта компанияның Сарыбұлақ кен орнын игеру аясындағы инвестициялық міндеттемелерін жүзеге асыру көзделген. Инвестициялық қаражат өңір...