Шығыс Қазақстанда дала өрті 6 есеге азайды

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов 9 айдағы қызметтің қорытындысын жасады.

«Өңір құтқарушылары 2 831 рет түрлі оқыс оқиғаларға барған. Барлығы 235 адамды құтқарып, 1 075 адамды эвакуациялады. 2023-2024 жылғы қысқы кезеңде ТЖД бөлімшелері 18 рет апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 90 адам құтқарылды, оның ішінде 14-і бала», — деді ол.

Жаз айларында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың арқасында суға батқандар саны өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға төмендеген. Департамент қызметкерлері күнделікті патрульдеу барысында 23 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып қалған.

«Облыстағы дала өрттерінің саны 6 есеге азайып отыр. Биылғы өрт қаупі жоғары кезеңде пилотсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтардың көмегімен әуеден мониторинг жүргізілді. Орманды жерлерде заңбұзушыларды уақтылы анықтайтын 52 мобильді топ жұмыс істеді. 60-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Рашид Блялов.

Алдағы қыс мезгілінде облыс автожолдарында 10 жылыту пункті жұмыс істейді. Төтенше жағдайлар болса 1700-ден астам құтқарушы және 680-ге жуық техника сақадай сай.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...