в

Өскеменде жәдел жәрдем дәрігерлері аялдамада жүрегі тоқтап қалған әйелді құтқарды

Белгілі болғандай, қарт кісі аялдамада автобус тосып тұрған. Кенет өзін жайсыз сезініп, тынысы тарыла бастаған. Куәгерлер бірден жәдел жәрдемге қоңырау шалды. Олар жеткенше зейнеткер жүрегі тоқтап, құлап түскен.

Дәрігерлер оқиға орнына 8 минут ішінде келді. Сол кезде қарттың жүрегі тоқтап қалғанына 4 минут өткен. Жедел жәрдем қызметкерлері көшеде реанимациялық амалдарды жасай бастады. Соның нәтижесінде клиникалық өлімнен кейін әйелдің жүрегі қайта дүрсілдеп, тынысы қалпына келді.

«Біздің фельдшерлер 78 жастағы әженің жүрек жұмысы мен өздігінен тыныс алуын қалпына келтіру үшін бәрін жасады. Зейнеткер облыстық аурухананың кардиологиялық жансақтау бөліміне жеткізілді. Оны кардиолог, невропатолог, реаниматолог мамандар бақылауына алды. Қазір қарттың жағдайы тұрақты. №4 қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр», — деп хабарлады ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясынан.

Полицейские ВКО помогли мужчине, который жил без документов более 20 лет

ШҚО тұрғыны 20 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген