в

Алтай ауданында егін жинау кезінде комбайн отқа оранды

Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылында болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— «Есіл-760» маркалы комбайнда күнбағыс жинау кезінде өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақты құраған қызыл жалын толықтай ауыздықтады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына барынша абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

8

Осень, осень золотая — добрая царица

Өскемен тұрғындары жарықшамдардың күндіз бостан-бос жанып тұрғанына шағымданды