Өскеменде Ольга Рыпакова референдумда дауыс берді

№7 сайлау учаскесі қаланың Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы №45 орта мектепте орналасқан. Бұл учаскеге Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп дауыс берді.

«Бүгін әдеттегідей өзімнің азаматтық позициямды білдіру үшін осында келдім. Сәл ауырыңқырап тұрсам да сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Себебі елімнің патриоты болғандықтан осындай маңызды референдумнан қалыс қалмауым керек. Бұл барша қазақстандықтардың міндеті деп есептеймін», — деді қазақстандық жеңіл атлет.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы (2012). Сондай-ақ Бейжің (2008) және Рио-де-Жанейродағы (2016) Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері.
Еске салсақ, ШҚО-да референдум күні 538 учаске жұмыс істейді. Онда 487 824 адам дауыс беруге құқылы.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...