Риддерде 10 қарашаға дейін екі үлкен қазандықтағы жөндеу жұмыстары аяқталады

Риддердегі жылу-электр орталығында 11 қазанға дейін 4 қазандық іске қосылмақ.

«Үйлерге жылу барып тұруы үшін ЖЭО-да екі қазандық үздіксіз жұмыс істеп тұруы тиіс. Сонда бізде тағы 2 қазандық резервте болады. Ал 10 қарашаға дейін №4 және №5 екі ірі қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталады. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде», — дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Оның айтуынша, жылу электр орталығында көмір мен мазут қоры жеткілікті. Жаз кезінде Риддер қаласындағы 19 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«2022-2023 жылыту маусымында Риддердегі ЖЭО-да қазандық 84 рет өшіп қалса, былтыр тек 5 рет өшкен. Бұл ретте ең бастысы – тұрғын үйлердегі температураның төмендеуіне жол бермеу. Былтырдан бері орталықта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары осы жылыту маусымын қалыпты режимде өткізуге мүмкіндік береді», — дейді Нұрлан Рамазанов.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...