в

Өскеменде пәтер алып береміз деп 33 адамнан 142 млн теңге алған алаяқтар ұсталды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Оның айтуынша, 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, 5 млн теңге алған. Бірақ сөздерінде тұрмай, хабар-ошасыз кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олардың тағы 32 ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

«39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған. Осының салдарынан жәбірленушілерге 142 млн теңге материалдық залал келтірілді», — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

В правила дорожного движения РК внесли изменения, в частности, добавили понятие «электромобиль»

С начала года более 35 тысяч граждан привлекли к ответственности за переход ж/д путей в неположенных местах