Глубокое ауданы Белоусовка кентіндегі апатты үй мәселесі шешімін таппақ

Белоусовка кентіндегі Юбилейная көшесі, 7 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары жергілікті әкімдікке жүгінді. Өз сөздерінде олар үйлерінің апатты жағдайда екендігін жеткізген.

Алғашқы сараптамада үйдің екі кіреберісі тұруға жарамсыз деп танылды. Одан кейін осындағы 34 пәтердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілген. Ал ғимараттың бір бөлігі тұруға жарамды деп танылғандықтан сол күйі қалды.

– Соңғы уақытқа дейін бұл ғимараттың тұрғындарынан жазбаша өтініштер болған жоқ. Жаңа сараптама жүргізілмейінше, біз ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Соған қарамастан тұрғындармен сөйлесіп, ортақ келісімге келдік, – деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов.

Бүгінде сараптама бұл үйдің қауіпті екендігін растады. Дегенмен, оны тұруға жарамсыз деп тану туралы нақты шешім қабылдау үшін ғимараттың ағымдағы жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін қайталама техникалық сараптама қажет.

Осыдан кейін үйдің болашақ тағдыры туралы мәселе шешімін таппақ. Тұрғындарға бірнеше шешім ұсынылып отыр. Атап айтқанда, басқа үйлерге көшу, кейіннен өтемақы төлей отырып, олардың мүлкін сатып алу. Сондай-ақ әкімдік халыққа қолжетімді ипотекалық бағдарламалар арқылы жаңа баспана сатып алуға көмектесуге дайын.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...